Германияда көз жұмған экс-судьяның денесі елге жеткізіледі
Германияда қаза тапқан Айгүл Сайлыбаеваның денесі Қазақстанға жөнелтіледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Қазинформға сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Ашық дереккөзден алынды
Бұл туралы марқұмның ағасы Жанат Сайлыбаев айтты. Ол қазір Германияда жүргенін және Айгүл Сайлыбаеваны туған елінде жерлеу үшін денесін Алматыға жөнелту мәселесімен айналысып жатыр.
Еске салсақ, бұған дейін Германияда тұратын қазақстандық әйел із-түссіз жоғалып кеткені туралы жазған едік. 17 маусым күні әйелдің денесі қала шетіндегі карьерлердің бірінен табылды. Мәйіт полиэтилен пакетте оралған күйде табылған.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды