Геннадий Головкин барлық чемпиондық титулдарынан айырылды
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО) ресми түрде барлық чемпиондық белбеулерінен айырылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бүгінгі күнге дейін Головкинде ІВО белбеуі ғана қалған еді. Алайда 14 маусымда Халық бокс ұйымының президенті Эд Левин белбеудің бос екенін мәлімдеді.
Бұған дейін Головкин WBA Super және IBF нұсқасындағы белбеулерінен бас тартқан. Осылайша қазақстандық кәсіпқой боксшы енді әлем чемпионы емес.
Геннадий Головкин соңғы рет 2022 жылдың қыркүйегінде Сауль "Канело" Альвареспен жұдырықтасып, есе жіберген.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған

