Гарри Поттерді ойнаған актерді жұрт көше кезген панасыз санап, ақша берді
Гарри Поттер рөлін сомдаған актер Даниэль Рэдклифті Нью-Йорктегі көшелердің бірінде панасыз адам деп ойлаған. Бұл туралы ол Грэм Нортон шоуында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Сүйіктісімен қыдыруға шыққан Рэдклиф күн суық болғандықтан, үстіне бас киім, қалың куртка және жемпір киген. Қасында иті де болыпты.
Қыз дүкенге кіріп кеткен уақытта ол итін жылындыру үшін тізерлеп отырған.
«Суық болғандықтан, мен итті жылыту үшін тізерлеп отырдым. Сол уақытта өтіп бара жатқан бір адамды көрдім. Бір уақытта жігіт қайтып келіп, маған «Өзіңе кофе сатып алып іш» деп бес доллар берді», – дейді актер.
Рэдклифф сақалы өсіп кеткендіктен де өзін панасыз деп ойлап қалғанын айтады. Сол үшін де жиі қырынып тұру керек екен деп күледі.
Талқылау

"Декретке миллионмен" дауы: Курстың негізін қалаған депутат Дәулет Мұқаевқа тексеріс жүргізіле ме?
Депутат Дәулет Мұқаев курстағы негізгі ойды түсіндіре келе, әйелдерді заңды жолды ұстануға шақырды

Енді "Отбасы Банк" монополиясы болмайды: Ипотекалық несиелендіру реформасынан қандай жақсы өзгерістер күтеміз
Сарапшы: "Бұл ұзақ мерзімді перспективада банктік жүйеге де оң әсер етеді. Уақыт өте келе қаржыландыру арзандайды, яғни ставкалар төмендеп, неғұрлым қолайлы деңгейге жетеді”