Ғалымдар өрмекшінікіндей екі аяғы бар балықты көріп таңғалды (видео)
Француздық теңіз биологы Еменрик Бенхаласса түнгі зерттеулерінің бірінде Индонезия аралының су түбінен ерекше балықты видеоға түсіріп алды.
Ерекше жаратылыс зерттеушілердің қызығушылығын тудырды. Өзгелерден айырмашылығы балықтың алды жағында өрмекшінің аяғына ұқсас аяғы бар. Балық екі аяғымен өрмекші секілді әрі-бері жүре алады.
Теңіз мамандары балықтың алдыңғы екі қанатын аяғы ретінде пайдаланатынын айтады. Екі аяғы теңіз астында еркін жүзу қызметін атқарып қана қоймай, жемтігін іздеуге көмектеседі.
Балықтың құрылысы толық зерттелген жоқ. Жыртқыш балық түрі шаян тұқымдасына жатады деген болжам бар. Шаян тұқымдасына жататын балықтар жайдақ суларда да, терең су түбінде де кездеседі.
Тағы да оқыңыз:
Қар барысы тіп-тік құз басынан құлап кетті (видео)
"Адам қанын ішіп, етін жеген": Атышулы каннибал Жұмағалиевтің қылмыстары неге жылдар бойы ашылмай келді
Ол әйелдерді өлтіріп, денесін бөлшектеп келген
Түркістан облысында жасөспірім қызды зорлады деген басты күдікті мен 12 ер адам жауапқа тартылмаған күйі, іс жабылған
Оқиға осыдан екі жыл бұрын тамыз айында болған