Ғалымдар коронавирусқа қарсы "супериммунитет" қалыптастырудың жолын айтты
АҚШ-тағы Орегона университетінің ғалымдары коронавирусқа қарсы "супериммунитет" қалыптастырудың жолын айтты. Бұл туралы Business Insider басылымы жазды. деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Анти денелердің деңгейі ғана емес, вирустың түрлі нұсқаларының бейтараптандыру деңгейі артады", – деді зерттеу авторларының бірі Фикаду Тафессе.
Бұған дейін америкалық дәрігер Ашиш Джа кей науқастардың иммунитетке ие болу үшін әдейілеп омикрон жұқтырып жатқанын айтқан еді. Маман COVID-19-дың қауіптілігін жете бағаламауға болмайтынын ескертті.
“Екі апта ауруханада жұмыс істеп, қазір шықтым. Омикрон-штамды жұқтырып, қатты ауырған көптеген адамдарды көрдім. Дельтадан қарағанда өлім аз екенін білемін, дегенмен ол да қауіпті", – деді дәрігер.