Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ғабитке "Хабиб" деп әзілдейтін": Нұрилла Ақберен "хайпер" деп айыптаған "Меломен" тобының жігіттеріне жауап берді

“Меломен” тобының әншісі Ғабит Бибасыұлының бұрынғы әйелі Нұрилла Ақберен күйеуіне қатысты шындықты жайып салды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Подкастан скриншот

Kozqaras podcast арнасында блогер экс күйеуінің артық жүріс жасап, қыздарға жазатынын жасырмады. 

“Бойдақ кезінде маған қандай керемет сөздер жазса, қыздарға да сондай сөздер жазатынын білдім. Мен оны көзге шөп салу деп есептеймін. Қыздар өздері маған жазғандарын жіберетін. Менің оқырман қызыма жазыпты. Сол маған өзі жазды деп жіберіпті. “Үйіңе шығарып салар едім” деген сыңайда түрлі әдемі сөздер жазған. Мен оны көргенде қатты қиналдым. Бөлем екеуміз бірге оқып, қатты таңғалдық. Сол үшін де ұрысқан едік. Ол бірақ мойындамайды. Журналист болғасын әріптестерім: “Сенің күйеуің емес па?” деп фотолар жіберетін. Ол күндер де өтті”, – дейді блогер.



Сондай-ақ экс күйеуінің достары өзін қаралап, “хайперге” теңегені үшін ренжігенін мойындады.

“Өнердегі достары Ғабиттің мені ұратынын білетін. Барлық досы білді. Бірақ достары оны ақтап, мені қаралап тастады. Тіпті, “Хабиб” деп әзілдеген еді. Талай рет Ролан мен Қайрат және оның әйелдері менің шекемнің ісіп жүргенін көрді. Көлсайға баратын болып, жиналып жатқанда Ғабит екеуміз сөзге келіп, сол кезде де таяқ жедім. Соны әйелдері біледі. Нағыз ұят тірлік осы емес пе?! Достарын басқа жолмен қорғасын, қарсылығым жоқ. Бірақ шындықты көре тұра көрмегендей болу – ұят. Ер-азамат деген атақтарына сын”, – деп ренішін жеткізді Нұрилла. 

Еске салайық, "Дінмен басып тастады" деп Меломен" тобының әншісінің бұрынғы әйелі ажырасуға нақты не себеп болғанын жайып салған еді. 

Талқылау