Футболшы Самат Смақов төртінші рет әке атанды
Қазақстандық футболшы, «Ақтөбе» футбол клубының бас директоры Самат Смақов төртінші рет әке атанды. Сүйінші хабарды халыққа футболшының өзі жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

«Ұл сыйлағаны үшін Жаратқанға алғысым шексіз. Менің өмірім, менің махаббатым, алдыңда бас иемін. Сүйемін, құрметтеймін, бағалаймын», – дейді Самат.
Бұл орайда танымал футболшыны желі қолданушылары жарыса құттықтап жатыр.
«Отбасымыздың атынан құттықтаймыз! Бақыт, денсаулық, табыс тілейміз», – деп жазады Роман есімді желі қолданушысы.
Еске сала кетейік, жыл басында Самат Смақов «Ақтөбе» футбол командасының бас директоры қызметіне тағайындалды.
Тағы оқыңыз: Қазақы есімдер. Ұлыңызға қандай есім бердіңіз?
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар