Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Футболшылардың айлығын футзалшыларға беру керек": Қуат Хамитов футзалдан Қазақстан құрамасының нәтижесін үлгі етті

Қазақстандық танымал аралас жекпе-жек майталманы Қуат Хамитов Қазақстан футзал құрамасының әлем чемпионатындағы жетістігін ерекше атап өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Танымал спортшы Қуат Хамитов футзалдан Қазақстан құрамасының нәтижесінен футболшылардың үлгі алу керектігін айтып, Ұлттық құрамаға әлем чемпионы атануына тілектес екенін жеткізді.

“Расында, футболға қарағанда футзалшыларымыздың нәтижесі әлдеқайда жақсырақ. Олар халықтың ақшасын ақтап жатқаннан кейін басқа федерацияның басшыларына үлгі болу керек. Ақша аз алып жатса да, әлем чемпионатында тамаша өнер көрсетіп, Португалия сияқты әлем чемпиондарын ұтып жатыр. Үлкен футболдың ақшасын азайтса, бәлкім нәтижелері жақсаратын шығар.Футболшыларымыз футзалшылардан үлгі алуы керек. Егер футзалшыларымыз осы әлем чемпионатында жеңімпаз атанса, футболшылардың айлықтарын футзалшыларға беріп, футзалшылардікін керісінше футболшыларға беру керек. Қазақстан құрамасының әлем чемпионы атануына сәттілік серік болсын деп тілеймін”, – деді Хамитов.


"Қазақстан футболында қияметке дейін болашақ жоқ": Қуат Хамитов Қазақстан құрамасының болашағы туралы 


Айта кетейік, Қуат Хамитов кәсіпқой бокста дебютті жекпе-жегін жақын досы Нұрберген Шариповқа қарсы өткізіп, төрешілердің бірауыздан шешімі бойынша жеңіске жетті. 

 

Талқылау