Футболдан Өзбекстан құрамасы Азия чемпионатының финалына шығып, олимпиадаға жолдама алды
Футболдан Өзбекстанның жастар құрамасы Азия чемпионатының финалына шығып, Париж олимпиадасына жолдама жеңіп алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Футболдан Өзбекстан құрамасы тарихи жетістікке қол жеткізді. Көрші елдің жастар құрамасы Азия чемпионатының жартылай финалында Иордания құрамасын 2:0 есебімен ұтып, финалға шықты. Сонымен қатар Париж олимпиадасына қатысу мүмкіндігіне де ие болды. Осылайша Өзбекстан құрамасы Орталық Азиядан олимпиада ойындарында өнер көрсететін алғашқы ел атанбақ.
Айта кетейік, Өзбекстан құрамасы Азия чемпионатының финалында Жапония мен Ирак құрамасы арасындағы матчтың жеңімпазымен жолығады.
Мақсатым — Олимпиада. Жаңа бапкерлік штаб 1,5 жылда нәтиже береді — Ғұсман Қырғызбаев
Ғұсман Қырғызбаев: Біздің қырғыздарға ешқандай қатысымыз жоқ
Қазақстанда шетелдіктер тұрақты тұру үшін қазақ тілінен тест тапсырады: Бұл талап интеграцияны күшейте ме, әлде көшуге ниеттілерді азайта ма?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі

