Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Футболдан Қазақстан құрамасының әлем чемпионатының іріктеу ойындарына шақыртылған ойыншылар тізімі жарияланды

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкерлік міндетін уақытша атқарушы Әли Әлиев 2026 жылы өтетін әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында өтетін ойындарға қатысатын футболшылар тізімін жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Stan.kz

Бұған дейін Әли Әлиев кеңейтілген құрамды хабарлаған еді. Соңғы ойыншылар тізіміне үш футболшы енбей қалды. Олар: қорғаушы Әлібек Қасым және шабуылшылар Оралхан Өміртаев пен Артур Шушеначев.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы іріктеу кезеңі аясында топтық кезеңдегі алғашқы екі ойынын өткізеді. Ұлттық құрама 22 наурызда Уэльске қарсы кездессе, 25 наурызда Лихтенштейнмен ойнайды. Команда екі матчты да сырт алаңда өткізеді.

Олай болса, Әли Әлиев құрама намысын қорғауға мына ойыншыларды шақырды:

Қақпашылар: Мұхаммеджан Сейсен ("Астана"), Александр Заруцкий, Темірлан Анарбеков (екеуі де – "Қайрат"), Стас Покатилов ("Сабах", Әзербайжан), Дулат Талыспаев ("Кеге", Дания).

Қорғаушылар: Александр Марочкин, Ян Вороговский, Марат Быстров (бәрі – "Астана"), Нұралы Әліп ("Зенит", Ресей), Роман Асранкулов ("Тобыл"), Еркін Тапалов ("Қайрат"), Ұлар Жақсыбаев, Сұлтанбек Астанов (екеуі де – "Ордабасы"), Әділбек Жұмаханов ("Елімай"), Мәди Хасейн ("Жеңіс").

Жартылай қорғаушылар: Асхат Тағыберген ("Ордабасы"), Рамазан Оразов ("Силькеборг", Дания), Бақтиер Зайнутдинов ("Бешікташ", Түркия), Эльхан Астанов ("Астана"), Ислам Чесноков, Наурызбек Жагоров (екеуі де – "Тобыл"), Серікжан Мужиков ("Елімай"), Ғалымжан Кенжебек ("Кошице", Словакия), Алияр Мұхамед ("Оқжетпес"), Георгий Жуков ("Пуща", Польша), Дінмұхамед Қараман ("Жеңіс"), Давид Есімбеков ("Жетісу").

Шабуылшылар: Абат Айымбетов ("Адана Демирспор", Түркия), Максим Самородов ("Ахмат", Ресей), Айбар Жақсылықов ("Қайсар"), Дастан Сәтпаев ("Қайрат"), Рамазан Кәрімов ("Астана").

Талқылау