Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Футболдан Қазақстан құрамасы Словениядан 1:2 есебімен жеңіліп қалды

Футболдан Қазақстан құрамасы Словениядан 2:1 есебімен жеңіліп, Еуро-2024  Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінен өте алмай қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Словения Казахстан

 JURE MAKOVEC

Любляна қаласында өткен Қазақстан мен Словения арасындағы ойын тартысты болды. Екі команда Еуро-2024 чемпионатына қатысу үшін бақ сынады. 

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасы Н тобындағы басты қарсыласы Словениямен әлемдік доп додасының жолдамасына таласқан болатын. Осылайша Ұлттық құрама Еуро-2024 турниріне жолдама ала алмады.

Алғашқы таймда Словения құрамасы 1 гол соғып есепті ашқан еді.

Қазақстан құрамасы екінші тайм бастала сала гол соғып, есепті теңестірді. Гол авторы – Рамазан Оразов.

86-минутта Словения екінші голын салып, есепте алға шықты. Гол салған – Бенямин Вербич.

Словения құрамасы 2:1 есебімен басым түсіп, Еуропа чемпионатына жолдама алды.

Еске салсақ, осыған дейін Сан-Мариномен "Астана Арена" стадионында өткен кездесуде 3:1 есебімен Қазақстан құрамасы жеңіске жеткен болатын.

Талқылау