Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Футбол да музыка сияқты, әлемді біріктіреді": Димаш Құдайбергенов УЕФА-ның штаб-пәтеріне барды

Әлемді әнімен бағындырған Димаш Құдайбергенов Швейцарияға жұмыс сапары кезінде Еуропалық футбол қауымдастықтары одағының (УЕФА) штаб-пәтерінде болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Dimash.news сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото Dimash.news сайтынан алынды

Ол Швейцарияға іссапармен барған. 

“Еуропалық Футбол Қауымдастықтарының одағы УЕФА-ның штаб-пәтеріне бару мүмкіндігіне ие болдым. Еуропалық футбол үйі Ньон қаласындағы Женева көлінің жағасында орналасқан. Сапар өте нәтижелі болды!”, – деп жазды жеке парақшасына. 

Еліміз осы халықаралық ұйымның мүшесі болғанына 20 жылға жуықтады. Төрт жылдан бері УЕФА ұйымында жалғыз қазақстандық Дәулет Уранхаев еңбек етіп келеді. 

Футболдың жанкүйері болған Димаш бала кезін есіне алды: 

“Менің ойымша, футбол, музыка сияқты, бүкіл әлемдегі адамдарды біріктіре алатын өнер. УЕФА Чемпиондар Лигасының әлемге әйгілі үйінде болу үлкен мәртебе болды, оны осы спорттың барлық әуесқойлары біледі”, – деп ағынан жарылды. 

Сондай-ақ, Димаш көпжақты саясат пен дипломатияның орталығы болған Женева қаласында да болды. Біріккен Ұлттар Ұйымының Женева бөлімшесінің басшысы Татьяна Валовамен де кездесті. 

 

Талқылау