Францияның астанасында электросамокаттарды жалдауға тыйым салынады
Парижде электросамокаттарға тыйым салу бойынша референдум өтті деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Futur En Seine басылымына сілтеме жасап.
Париждіктер референдумда тыйым салуды қолдады. 90%-ға жуығы референдумда самокаттарға қарсы дауыс берді.
Референдум нәтижелері бойынша Париж электросамокаттарды жалға алуға тыйым салған жалғыз еуропалық астана болады.
"Біз бақыттымыз. Төрт жылдан астам уақыт бойы осы үшін күрестік. Париждіктер тротуарларда өздерін қауіпсіз сезінбейтін, жолдан өткенде қорқады. Қалада үнемі айналаға қарап жүру керек", – деді Apacauvi қайырымдылық ұйымының негізін қалаушы Арно Килбаса.
2018 жылы мэр Анн Идальго әкімшілігі электросамокаттарды жалға беру қызметтерін ұсынатын операторларға жұмыс істеуге рұқсат берді. Осыдан кейін Франция астанасында көлік құралдарына қойылатын нормалар мен талаптарды біртіндеп қатаңдатыла бастады. Арнайы тұрақ аймақтарын құрды, жалға беру операторларының максималды жылдамдығы мен санын шектеді. Соған қарамастан, самокат айдайтындар мас күйінде және қозғалыс ережелерін жиі бұзған, сонымен қатар тротуарларда хаос тудырады.
2022 жылы соның кесірінен 459 адам зардап шеккен.
Ұлыбританияда жүргізілген зерттеу электросамокат жүргізушілері апат кезінде велосипедшілерге қарағанда ауыр жарақат алатынын көрсетті.
Сарапшылардың айтуынша, самокаттарды жалға алуға тыйым салу трансұлттық компаниялардың қаржысы мен беделіне нұқсан келтіреді. Өйткені мұны басқа қалалар да қайталауы мүмкін.