Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Фотоларың күлкілі": Ашық образда фотосессия жасаған Жарқынай Ханайым сынға қалды

Соңғы кезде жеке өмірі қоғам талқысына түскен Жарқынай Ханайым тыңдарманына жаңа ән ұсынбақшы. Алайда ашық-шашық образы жұртқа жақпай қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

https://www.instagram.com/p/CzRpvK3s1A4/?img_index=1

Әнші жуырда жаңа бейнебаянын жарыққа шығармақ.

“Бәрі ұмытылған, ойын ұтылған, көкжиектен іздеймін”, – деп әнінен үзінді келтірді. 

Жарқынайдың бұрын-соңды ашық образына көзі үйренбеген оқырмандары сынап жатыр. 

“Дене бітімің онша емес екен, тым тақтай сияқты арықсың” десе, екіншісі: ”біржола шешіне салмадың ба?!” деп жатыр. 

Айта кетейік, Жарқынай Ханайым белгілі продюсер Баян Алагөзованың шәкірттерінің бірі болған. Кейін тележүргізуші Аша Матайдың туған ағасы актер Айдар Асқарбекке тұрмысқа шықты. Алайда неке сәтсіз аяқталып, ерлі-зайыптылар ажырасып кетті. Жарқынай Ханайым Айлана есімді қызды тәрбиелеп отыр. 

Еске салсақ, Айдар Асқарбек соңғы кезде бас қалада тұратын қызын көру мұңға айналғанын айтып еді. 

 

Талқылау