Филиппинде жолаушылар кемесі апатқа ұшырап, 21 адам қаза тапты
Маниланың шығысындағы филиппиннің Рисаль провинциясында жолаушылар кемесі апатқа ұшырап, 21 адам қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Синьхуа басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Апатқа ұшыраған кеме Бинангонан қаласынан Филиппиндегі ең үлкен Бай көліндегі Талим аралына бет алған. Филиппин жағалау күзеті өкілінің айтуынша, кемені қатты жел соғып, жолаушылар арасында дүрбелең туындаған.
"Олар кеменің порт жағына қарай жүгіріп, кеменің аударылуына себеп болған", – делінген хабарламада.
Алғашында жағалау күзеті оқиғадан 30 адамның қаза тапқанын жеткізді. Кейін Рисаль провинциясының полициясы 21 адамның суға батып, 40 адамның құтқарылғанын хабарлады.
"Бұл өмірде қосылмасақ, ана өмірде бірге боламыз": Астанадағы қанды оқиға алдында не болғаны белгілі болды
Марқұмның жақындары редакцияға сұхбат берді
"Тіпті бүркіттерді де үркітеді": Алматы мен оның маңын басып алған ауған қараторғайлары қандай зиян келтіреді?
Торғайлардың азаюына нақты майна себеп болып отыр деген қорытынды жасауға жеткіліксіз