Қарағандыда ферроқорытпа зауытындағы апаттан денесінің 85 пайызы күйген жұмысшы қайтыс болды
Қарағандыдағы ферроқорытпа зауытындағы апат кезінде 8 жұмысшының денесін күйік шалып, ауруханаға жеткізілген еді. Олардың бірі бүгін қайтыс болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Pixabay.com
Дәрігерлер қайтыс болған жұмысшының жақындарына көңіл айтты.
“Дәрігерлер барынша тырысты, бірақ зардап шеккен жұмысшылардың бірін аман алып қала алмады. Осы уақытқа дейін жағдайы өте ауыр болды. Денесінің 85 пайызын күйік шалған 1993 жылы туған науқас қайтыс болды. Марқұмның жақын туыстарына шын жүректен көңіл айтамыз”, – деп мәлімдеді облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
Еске салайық, 20 шілдеде Қарағанды ферроқорытпа зауытында төтенше жағдай болып, 8 жұмысшы әртүрлі дәрежеде жарақат алғанын жазған едік. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, арнайы комиссия да құрылған.
Сондай-ақ әлеуметтік желіде күйіп қалған жұмысшылар “Газельмен” ауруханаға жеткізілгені туралы ақпарат тарады.
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық
2026 жылы қазақстандықтарға ақшаны қалай сақтаған тиімді – Қаржы сарапшылары кеңес берді
Жаңа жылда қазақстандықтарды қосылған құн салығының өсуі, инфляция бәсеңдеуі сынды жаңашылдықтар күтіп отыр