Eurospa стандарты бойынша үздік деп танылған "Оқжетпес" шипажайына 55 жыл
Биыл Қазақстанның інжу-маржаны Бурабайдың жүрегінде, Щучье-Бурабай курорттық аймағында орналасқан "Оқжетпес" шипажайына 55 жыл. Осыған орай, Stan.kz ақпарттық агенттігі тарихи шипажай туралы бірнеше ақпаратпен бөліспек.
2017 жылдың 27 шілдесінен бастап, Қазақстан Республикасы президенті іс басқармасы медициналық орталығының емдеу-сауықтыру кешендері "Оқжетпес" брендімен бірыңғай желіге бірігіп, құрамына Бурабай курорттық аймағындағы "Оқжетпес", Алматы қаласындағы "Almaty Resort" және РФ Ессентуки курорт-қаласындағы "Қазақстан" шипажайы кірді. Бүгінгі таңда желі президенті - Қайрат Беркінбаевтың басқаруымен белсенді жұмыс істеп келеді.
"Бурабай" курорттық аймағы – Қазақстандағы бірегей аймақ, мұнда кешенді емдеудің маңызды құрамдары жинақталған: "Май-Балық" көлінің бірегей минералды суы, Балпаш-Сор көлінің балшығы, меншікті радонды бұлақ көзі, оның ішінде ауыз су, қымызбен емдеу, пантамен емдеу.
2006 жылы Андоррда Дүниежүзілік сумен және климатпен емдеу федерациясының Бас Ассамблеясымен санаториялық-курорттық емдеуді ұйымдастырудағы жетістіктері және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымдарының арасында белсенді ғылыми жұмыстары үшін "Оқжетпес" ЕСК-не "Әлемдегі ең үздік курорт" марапаты табыс етілді.
2011 жылы санаторий меншікті бұлақтың радонды суын пайдалану арқылы жаңа медициналық қызмет көрсету – радонды терапияны енгізді.
2012 жылы мамырда Лондонда (Ұлыбритания) Британ институты директорларының шешімімен біздің емдеу-сауықтыру кешені "Еуропалық сапа" халықаралық марапатқа ие болды.
2019 жылы "Үздік шипажай" марапатына ие болып, Қазақстан шипажайлары арасында алғаш EuroSpa сертификатына ие болған кешен бүгінде 13 оңалту бағдарламасы мен түрлі бағытта жұмыс істеп келеді.
"ҚР Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының "Оқжетпес" емдеу-сауықтыру кешені сонау 1966 жылдан бері халыққа қызмет етіп келеді. "Оқжетпес" ЕСК-нің негізгі міндеті - біздің берекелі өлкемізді, тарихи табиғи жерімізді көріп, табиғи емдік факторлармен сауықтыру демалысын өткісі келетін Республиканың барлық азаматтары мен қонақтарын медициналық және емдеу-сауықтырумен қамтамасыз ету және қызмет көрсету.
"Оқжетпесте" халықаралық стандарттарға сәйкес сапа менеджментінің жүйесі бар. 2014 жылы жыл сайын растайтын "4 жұлдызды қонақ үй" және "Жоғары сапалы мейрамхана" санатына сәйкестік сертификатын алды. Біз қашан да қонақтарымыздың денсаулығы үшін, қауіпсіздігі үшін, жайлы демалысы үшін қызмет етуге дайынбыз", - деді "Оқжетпес" емдеу-сауықтыру кешенінің президенті Қайрат Беркінбаев.
Жыл бойы қызмет ететін шипажай бүгінде сауықтыру демалысын өтуге ниетті барша қонақтарды қарсы алуға дайын.