Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Еуропаға жаяу жеткен 76 жастағы саяхатшыға құрметті атақ берілді

Фото: Туризм және спорт министрлігі

Еліміз бойынша және одан тыс жерлерде мыңдаған шақырым жаяу жүрген 76 жастағы қазақстандық саяхатшыға "Құрметті спорт қызметкері" атағы берілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев көрнекті саяхатшы және туризм индустриясының еңбек сіңірген қайраткері Сәрсенбай Қотырашовқа "Құрметті спорт қызметкері" атағын табыс етті.

Қотырашов 2022 жылы үлкен жаяу жүру маршрутын аяқтағаннан кейін кеңінен танылды: 72 жасында ол Қазақстанның барлық 17 аймағын жаяу аралап, шамамен 8000 шақырым жол жүрді. Бұл жетістік Қазақстан ұлттық рекордтар кітабына енгізілді.

Кейінгі жылдары ол жаяу саяхаттарын халықаралық деңгейде жалғастырды. 2023 жылы Атыраудан жолға шығып, Кавказ аймағы мен Грузия арқылы Түркияның Ыстамбұл қаласына сапар шекті. 2024 жылы ол Өскеменнен бастап, Алтай мен Моңғолия арқылы өтіп, Қытайдың астанасы Бейжіңге жетті.

2026 жылдың 3 наурызында тағы да саяхатқа шығып, Сербия, Венгрия, Австрия, Германия және Франция арқылы жаяу жүріп өтіп, жақында отанына оралды.

Еске салсақ, 76 жастағы ұлытаулық ақсақал Парижге жаяу жеткені жазылған еді.

Қырмызы Скендирова
Сәрсенбі, 29 Сәуір, 2026 08:37