AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Еуропада жүрген қазақстандықтар елге орала алмай отыр

Еуропа елдеріндегі әуе компаниялары жұмысшыларының бірінен соң бірі ереуілге шығып, әуе тасымалына кедергі келіп жатыр. 4 шілдеде SAS әуе компаниясының 900-ден астам ұшқышы көкке көтерілуден бас тартып, өзге қызмет көрсетушілер де жұмыстарын тоқтатқан. Олар 8 айдан бері жалақыларын 30 пайызға көтеруді талап етіп, ақыры тиісті нәтиже шықпаған соң осындай қадамға баруға мәжбүр болған. Ал мұндай наразылықтардың салдарынан Еуропада жүрген қазақстандық студенттердің де рейстері кейінге шегеріліп, елге қайта алмай жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның "Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап. 

студенттер

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Польшада тегін оқуын тәмамдаған қазақстандық студенттер 5 шілдеде түнде Люфтганза әуе компаниясының бір ғана рейсімен Варшавадан Франкфуртке ұшып, ал Франкфурттан Алматыға қонуы тиіс еді. Бірақ әуе қатынасының тоқтауына байланысты студенттер енді өз қалтасынан қағылып, хостел жалдап жайғасуға мәжбүр. Ертең түнде елге оралып, туыстарымен қауышамыз ба деген сәтте ойламаған жерден үлкен кедергігіге тап болғандарын айтады.

“Хостелден хостелге көшіп жүрміз. Өйткені қазір туристік кезең. Оның үстіне Украинадан келіп жатқан босқындар бар, барлығы хостелда. Хостелде орын саны өте аз. Бағасы мен жағдайы сәйкес келмейді, өте нашар. Біз кімге барарымызды, қайда барарымызды білмейміз”, – деді студент Айым Нұртаева.

“Біздің осында қалып қойған әр күніміз ата-анамыздың қалтасына ауырлық етуде. Грантты жеңіп алып, тегін оқып едік, енді осында қалған әр күнімізге күнімізге ақы төлеуге мәжбүр. Тамақ, жатын орын сияқты шығындар көбейіп барады”, – деп қосты Венера Джангирова. 

Енді бұл студенттердің келесі рейсі 9 шілдеге қалған. Оның өзіне кепілдік жоқ. Әуе қатынасы қалыпқа келмесе, тағы да созбаққа салуы мүмкін. Ал оған дейін ас-ауқат, жатын орын сияқты шығындарымызды ойласақ, төбе шашымыз тік тұрады дейді студенттер.

Айта кету керек, әуе қатынасының тоқтауына Германия, Швеция Дания және Норвегия, Испания сияқты Еуропа елдерінің әуе компанияларындағы ереуіл себеп. 

Пилоттар мен ұшуға қызмет көрсетушілер жалақыларын көтеруді талап етіп, жұмыстарын тоқтатуға мәжбүр болған. Бір ғана SAS әуе компаниясында 30 мыңнан астам жолаушы діттеген жеріне жете алмай отыр. Оған өзге де әуе компанияларының жұмысшылары қосылған. Жуық арада бельгиялық Люфтганза әуе тасымалдаушысында да тежелу көбейетін тәрізді. Оған осы жағдайдың өзі дәлел болса керек.

Люфтганза компаниясының Қазақстандағы өкілі тасымалдаушы тарапынан болған барлық шығын өтеледі деп қысқа қайырғанымен, рейстің кейінге шегерілуіне қатысты тіс жармаған. Ал тура осындай жағдайда шетелде шарқ ұрып, шарасыз қалғандарға шеттегі елшілік пен сыртқы істер министрлігі мәселені әуе компаниясына қарай сырып қойды. Ал Қазақстандағы Азаматтық авиация еуропалық рейстердің ұшып-қону жағдайынан мүлде бейхабар екен. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр