Еуропада 10 миллиондаған адам жасанды интеллекттің кесірінен жұмысынан айырылу қаупінде тұр
Дүниежүзілік экономикалық форум Еуропада 2027 жылға қарай 83 миллион жұмыс орны жойылады деп болжады. Мұндай өзгерістердің негізгі себебі қарқынды дамып келе жатқан жасанды интеллект болмақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Euronews сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: Pixabay.com
Зерттеуде 2027 жылға қарай 69 миллионға дейін жаңа жұмыс орны ашылуы мүмкін екені айтылған.
McKinsey компаниясының Еуропадағы жұмыспен қамтудың болашағы зерттеуі 2030 жылға қарай 94 миллион еуропалық жұмысшы қайта даярлаудан өтуі қажет деп болжайды. Себебі роботтармен бәсекелестікке төтеп бере алмайды.
McKinsey мейрамхана бизнесі және тамақ қызметі (94%), өнер (80%), көтерме және бөлшек сауда (68%), құрылыс (58%) пен көлік және логистика (50%) салаларындағылардың жұмыссыз қалу қаупі жоғары екенін айтады.
Зерттеушілер 2030 жылға қарай 21 миллион адамға мамандығын өзгертуі қажет болуы мүмкін.
Еуропадағы еңбек өнімділігі қазір Амстердам, Копенгаген, Лондон, Мадрид, Мюнхен және Париж сияқты бірнеше еңбек нарығында шоғырланған. Бұл қалаларда Еуропа халқының 20%-ы ғана тұрады.