ЕУРО-2020: Чехия сенсация жасап, Еуропа чемпиондары сүрінді
Футболдан Еуропа чемпионатының 1/8 финалының екінші күнінде күтпеген нәтиже тіркелді. Чехия Нидерландыны тізе бүктіріп, келесі кезеңге өтті.

Нидерланды – Чехия – 0:2 (0:0)
Голдар: Голеш 68 (0:1), Шик 80 (0:2)
Алаңнан қуылды: де Лигт 55 (Нидерланды)
Нидерланды құрамасы топтық кезеңде ұпайдан шашау шығармай, қарсылас шақ келтірмеген еді. Алайда плей-офф кезеңінің алғашқы сатысында сүрінді.
Екінші таймда де Лигт алаңнан қуылған соң Чехия күшіне еніп, қарсыласының қақпасына екі гол соқты. Осылайша, плей-офф сатысындағы алғашқы сенсацияны жасады.
Бельгия – Португалия – (1:0)
Гол: Т. Азар 42 (1:0)
Әлем рейтингінің көшін бастап тұрған Бельгия мен Еуропа чемпионы Португалия арасындағы матч тартысты өтті. Дегенмен ойын голға бай болған жоқ. Матч тағдырын шешкен жалғыз голды алғашқы таймның соңында Азар соқты.
Бұдан кейін көрермендер гол көрген жоқ. Ал Португалия жауап қата алмады.
"Қызымның арманы еді": Қазақстандық аналар баласын шетелге жіберуге рұқсат етпейтін әкелерге шағымданды
Әйел: "Талантты қызым конкурсынан қалды"
"Дәрігердің өзі қатерлі ісікпен 8 жыл жүрген": Маммолог сүт безі обырының алғашқы белгілері мен ерекше оқиғаларды айтып берді
Сүт безіндегі ауырмайтын түйін де қауіпті болуы мүмкін
