Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Эстония үкіметі Украинаға әскер жіберуге ниетті екенін мәлімдеді

Эстония Украинаға әскерін жіберуі мүмкін. Мұны президенттің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Мэдис Ролл мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Breaking Defense басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Breaking Defense

Эстония үкіметі Украина қарулы күштерінің қару-жарақпен қамтамасыз ету функцияларын алу үшін Украинаның батыс бөлігіне әскер жіберу мүмкіндігін талқылап жатыр.

"Біз барлық мүмкіндікті қарастыруымыз керек. Қолдан келетін нәрсені шектемеу қажет", – деді Ролл.

Эстония қорғаныс күштерінің басшысы генерал Мартин Херем өткен аптада бірнеше ай бұрын Украинаның батысына әскер жіберіп, медициналық қызмет көрсету, логистика немесе әуе қорғанысы сияқты мәселесін талқылағанын айтты. Бірақ бұл идея халықтың наразылығын тудырғаннан кейін бұл келіссөздер тоқтады.

Сонымен бірге мамыр айының басында НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг альянс Украинаға әскер жіберуді жоспарлап отырған жоқ деп тағы да мәлімдеді. Эстония – 2004 жылдан бері НАТО мүшесі.

Бұған дейін Польша билігі Украинадағы соғыс басқа елдерге де таралады деп қауіптеніп, Ресеймен ықтимал соғысқа дайындалып жатқаны хабарланды.

Талқылау