Ескекші Маргарита Торлопова Токио Олимпиадасында біреулік-каноэ бойынша ширек финалға жолдама алды
Токио Олимпиадасында каноэ мен байдаркада есуден Маргарита Торлопова ширек финалға жолдама алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz порталына сілтеме жасап.

Токиодағы жазғы Олимпиада ойындарында каноэ мен байдаркада есуден жарыстар өтіп жатыр.
Бүгін біреулік-каноэде әйелдер арасында 200 метр қашықтық ойынша іріктеу кезеңі өтті. Аталған санат бойынша ел сапынан қазақстандық Маргарита Торлопова қатысты.
Іріктеу кезеңінде тиісті қашықтықты 49,721 уақытта бағындырған ол ширек финалға жолдама алды.
Айта кетерлігі, топтағы бірінші және екінші орын жартылай финалға шығуға мүмкіндік берсе, соңғы төрт орын ширек финалға жолдама берді. Отандасымыз Маргарита Торлопова өз тобында жетінші болды.
"Жүрегіне салынған имплант түсіп кеткен": Алматыда сәтсіз отаның кесірінен 20 жастағы жігіт жансақтау бөліміне түскен
Науқас жансақтау бөліміне түсіп қалған
Таиландқа демалуға барған қазақстандық әйел босанып қалған: Баласының еміне күніне 740 мың теңге қажет
Назира: Дәрігерлер өмірінің алғашқы күндерінен бастап инфекция бар екенін растады