Есірткі саудасымен айналысқан жігіт мақтаншақ сүйіктісінің кесірінен ұсталып қалды (фото)
Есірткі саудасымен айналысқан жігіт ұзақ уақыттан бері полициядан жасырынып келді. Егер мақтаншақ құрбысы болмағанда, әлі күнге дейін тәртіп сақшылары оны таба алмас еді.
Бұл туралы Daily Mail-ге сілтеп Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Бойжеткен өзінің табысына сай келмейтін бақуатты өмірін көрсетіп мақтанамын деп жігітінің басына қара бұлт үйірді.
22 жастағы Эмили Лок супермаркетте кассир болып жұмыс істейді. Жылына 10 мың фунт табыс табады. Алайда қыздың желідегі суреттері оған сай келмейді: Дизайнерлік киім, қымбат автокөліктер мен шетелге саяхат. Қарапайым кассирдің бұған ақшасы қайдан болсын? Бұл сұрақ қарапайым желі қолданушыларын ғана емес, полицияны да алаңдатты. Сұрақтың жауабы табылды. Себебі бойжеткеннің жігіті – есірткі саудасымен айналысады.
2017 жылдың қыркүйегінде Марк Прайстың үйіне полиция кіріп келді. Тәртіп сақшылары жігіттің үйінен көптеген айғақтар тапты. Ақша, бағалы бұйымдар, қымбат киім мен есірткі Марктың пәтерінен шықты. Бұдан бөлек, жігіттің телефонынан есірткі саудасымен айналысқанын дәлелдейтін жазбалар табылған. Полицейлер үстел жәшігінен су жаңа Audi RS4 автокөлігінің құжаттарын анықтаған.
Прайс ресми түрде еш жерде жұмыс істемейді. Ал көлікті бөлек құжаттармен несиеге рәсімдеген.
Ақырында полицейлер Эмилидің жылына 10 фунт табыс тауып, кемі 100 мың фунт жарататынын анықтады. Бойжеткеннің өзі сотта сүйіктісінің жұмысынан хабарсыз екенін, оны құрылысшы деп ойлағанын айтқан. Судья Эмилиді «аңғал» деп атап, 15 айға бас бостандығынан айырды. Ал оның жігітін 7 жылға абақтыға қамау жөнінде үкім шығарды.
Тағы оқыңыз:
Әлемде есірткі үшін өлім жазасына кесілгендер саны анықталды
Концерт кезінде ән айтып тұрған Вера Брежнева сахнада құлап қалды
Ер адам тойда ән айтып тұрған аяғы ауыр әншіні билемегені үшін атып өлтірді
Жеңімпаздың лотереядан ұтып алған көлігін 50 жылға жерге көміп тастады