"Ештеңе істей алмаймыз": Бас прокурор сотталған экс-әкім Рысқалиевтің Лондонда жүргеніне қатысты пікір білдірді
Бас прокурордың орынбасары Әсет Шыңдалиев Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиевтің желідегі Лондонда түскен фотосына қатысты түсініктеме берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

2013 жылы Бергей Рысқалиев "бюджет қаражатын ұрлады және ұйымдасқан қылмыстық топ құрды" деген айыппен сырттай 17 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.
"Оған қатысты сырттай шығарылған үкім бар. Өкініштісі, біз бен Лондон арасында экстрадиция немесе азаматты беру туралы келісім жоқ. Тиісті келісімдер болмаса, құқық қорғау органдары ретінде ештеңе істей алмаймыз", – деді Шыңдалиев.
Сотталған экс-әкім Бергей Рысқалиевтің президент әкімшілігінің бұрынғы басшысы Аслан Мусинмен бірге түскен фотосы желіде тарап кеткен еді. Қазақстанның бұрынғы шенеуніктері Лондондағы сәнді Burberry киім дүкенінің алдында көзге түсті. Рысқалиев Лондонда тұрады, ал Аслан Мусин зейнеткерлікке шыққан соң Еуропаға көшіп, Черногория азаматтығын алған.
36 миллион теңгеге пәтер алған қазақстандық баспанасына кіре алмай қалды: Бұрынғы иесі ақшаны алаяқтарға беріп қойған
Пәтердің бұрынғы иесі алаяқтарға алданғаннан кейін баспананы босатудан бас тартқан
Астаналық салон қызметкері массаж кезінде әйелдің аяғын сындырған
Тексеру барысында салонның медициналық лицензиясы жоқ екені анықталды