"Ешкімнің тоқалы емеспін": Дариға Бадықова не үшін қымбат дүниені жақсы көретінін түсіндірді
Отандық кино жұлдызы, актриса, продюсер Дариға Бадықова қымбат көлікті қандай ақшаға алғанын айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/dariga_badykova/
Өнер иесі кино түсіріп, 2 млрд-қа жуық қаржы тапқанын жасырмаған еді. Ақшасына пәтер сатып алса, енді құны 90 миллион теңге тұратын су жаңа көлік мінді.
“Машинамды салып едім, “өзің алмаған шығарсың, біреу сыйлаған шығар” деп жатқандар бар. Бұл шоколад қосылған құлпынай емес қой сыйлай салатын. Байдың әйелі емеспін, ешкімнің тоқалы емеспін. Одан кейін мен біреуден қымбат сыйлық алып көрмеппін. Өзім шот төлеймін. Ешкімге масыл қыз емеспін, шүкір деп отырмыз. Намысты қолдан бермей отырмыз", – деді актриса.
-
"100 миллион кредит шығарып беремін": Жұрт Дариға Бадықова жарнамасын жасаған заңгерге алданып қалды
-
"Пәтер сатып алдым": Дариға Бадықова киносынан түскен 2 млрд теңгенің есебін берді
Сонымен қатар өнер иесі пластикалық отаға қатысты пікір білдірді. Айтуынша, тәуелді болып қалудан қорқады екен.
“Бір әңгіме айтайын. Жанымдағы қыздар маған "ринопластика жасат" деп жатыр. Оған үш ай кетеді екен. "Тісіңе винир салдыр" дейді. Ат жақты болып қаламын ба деп қорқамын. Қысқасы әдемі боласың деді ғой. Менің ішкі жан дүнием онсыз да әдемісің деп отыр. Көреміз", – деп екіұшты ойын айтты.
Айта кетейік, актриса бренд дүниелерге әуес екенін және арзан дүниені менсінбейтінін айтқан еді.