"Әйелі кешіргісі келмейді": Қайрат Нұртас сахнада ән айтып тұрып, көз жасына ерік берді
Танымал әнші, хитмен Қайрат Нұртас сахнада көз жасына ерік берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/kair_n/
Өнер иесі Шымкент өңіріне гастролдік сапармен барған.
“Жаңа жасқа толуына орай, жаңа әні ұнап жатыр ма?! “Сүйгенді сен де сүй” деп аталады. Алла бұйырса, сұранысқа ие қалаларда, KN жеке ән кештері өтеді”,– деп жазды әншінің продюсері.
Алайда әнші Шымкентте өткен кешінде су жаңа әнін орындап, көз жасына ерік берді.
Желі қолданушылары әншінің әрекетін жеке өмірімен байланыстырып жатыр.
“Жұлдызды сахнаға шығарып, құтыртып алды”, “Өзі қыздарға көп барып кетті”, “Ешбір әйел көзге шөп салуды кешірмейді”, “Әйел адамға сахна керек емес”, “Жақсы еркектен әйел кетпейді”, “Жұлдыз басындағы бақты көтере алмады”, “Қайрат, жас қызға үйленіп ал”, “Әні жүрекке жетті, керемет орындайды”, – деп жазды көпшілік.
Еске салайық, Жұлдыз Әбдікәрімова әнші Қайрат Нұртасты туған күнімен құттықтаған еді.