Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Есептеу кезінде қателік кеткен": Білім және ғылым министрлігі Павлодарда "Алтын белгі" үміткеріне қойылған төрттік туралы пікір білдірді

Білім және ғылым министрлігі Алтын белгі" үміткеріне қойылған төрттік туралы түсіндіріп берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

алтын белгі

Ведомствода айтып өткендей, түлек тоқсан қорытындысы бойынша информатика пәнінен төрттік бағаны алтыншы сыныпта алған. Арада алты жыл өткен соң сабақтағы бағалау емес, арифметикалық ортаны есептеудің дұрыстығында сұрақ туындаған. 

Министрліктегілер №125 заң бойынша мектептегі бағаның қайта қаралмайтынын айтып өтті. Сонымен қатар ата-аналардың қысым көрсету арқылы бағаны өзгертуге қол жеткізуін заңсыз деп есептейді. 



"Мұғалімдер өз жұмыстарын атқарып жатыр, біз бөгет жасамауымыз керек", – деді Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы орта білімді қамтамасыз ету институтының директоры Әлия Чокушева. 

Сонымен қатар ведомствоның әділ әрі объективті бағалауды қолдайтынын мәлімдеді. Ал Павлодарда бұрын қойылған бағалардың сомасын санап, тоқсандық бағаны қою кезінде ортақ балды есептеуде қателік кеткені анықталды. 

Чокушеваның сөзінше, қазір бағаны есептеудегі қателік орын алмауы керек, себебі орташа бағаны автоматты түрде "Күнделік" электронды журналы шығарады. 

Талқылау