Банкир Ержан Тәтішевті өлтірген Мұратхан Тоқмәди жаза мерзімін қысқартқысы келеді
Банкир Ержан Тәтішевті тапсырыспен өлтіргені үшін сотталған кәсіпкер Мұратхан Тоқмәдидің жаза мерзімін қысқартқысы келеді. Бұл туралы Тәтішевтер отбасының адвокаты Анна Чернова мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ca-voice.info: UGC/ facebook.com/tokmadi
Заңгердің айтуынша, Мұратхан Тоқмәди жазасын жеңілдету мәселесі бойынша тағы да сотқа жүгінген.
“Бұл жолы прокуратура оны алдап кетті деп отыр. Ол өзін процессуалдық тұрғыдан алданып қалғандай сезінетінін жеткізді. Тапсырыспен адам өлтіргені үшін оған онсыз да жеңіл жаза (10 жыл бас бостандығынан айыру) тағайындалған еді. Кейін ол тағы да қысқарды”, – дейді адвокат.
Анна Чернова адамды қасақана өлтіргендерге мүлдем жеңіл жаза тағайындалмауы керек дейді. Жәбірленушілер 16 қаңтарда Қонаев сотында өтетін сотқа дайындалып жатыр.
Бұған дейін сот Мұратхан Тоқмәдиді шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың күшін жойған еді.
Талқылау
"Халыққа құрметсіздік танытты": Танымал қазақстандық бренд "Борат" образын қолданғаны үшін сынға қалды
"Борат" Қазақстан қоғамы үшін бұрыннан даулы әрі сезімтал тақырып
Желіде шетелге шыққан қазақстандықтарға сыйақы ұсынатындар көбейген: Мұның артында не тұр
Ведомоство мұндай жағдайлар жауапкершілікке әкелетінін ескертті