Ерлер әйелдердің қандай қасиеттерін ең тартымды санайтынын айтты
Viridian тамақтану компаниясының сарапшылары ер адамдардың өмірлік серігін таңдарда неге назар аударатынын анықтады. Айтуларынша, бірінші орында сыртқы тартымдылық. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Star порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Мұндай қорытындыға мамандар сауалнама нәтижесіне қарап келген.
- Онда ер адамдардың 50 пайызы әдемілікті әлеуетті серіктестің маңызды қасиеті деп атаған.
- Екінші орында қыздың күлдіре білуі тұр.
- 41 пайыз ер адам жақсы әзіл-қалжыңды бағалайтынын айтқан.
- Ал 40 пайыз ер адам жақсылық үшін әйелді сүюге дайын екенін айтқан.
Тағы бір ерлер үшін маңызды қасиет қиын жағдайда серіктесіне қолдау көрсетуге дайын болу. Бұл нұсқаны сауалнамаға қатысқан ер адамдардың 35 пайызы таңдаған.
Сондай-ақ, ерлердің 35 пайызы әйелдердің хош иісіне ғашық болуға дайын екенін айтыпты.
Қазақстанда көпбалалы әйелдерге 8 наурызға орай 43 мың теңгеге дейін біржолғы төлем беріледі
Ал қалған 8 аймақта көпбалалы аналарға ақшалай төлем берілмейді екен
"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді
Назгүл Тұрысбекованың сөзінше, олар құжаттарын ғана алып, қауіпсіз жерге шығуға мәжбүр болған