Еркебұлан Тоқтар Ресей чемпионына қарсы жекпе-жекке шығады
Мысырлық қарсыласын бір минутта нокаутқа жіберген Еркебұлан Тоқтар кезекті жекпе-жегін Ресей чемпионына қарсы өткізеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Соңғы жекпе-жегін Dala Fighting Championship турнирінде өткізіп, мысырлық қарсыласы Хайсам Эльсаидті бір минутта нокаутқа жіберген Еркебұлан Тоқтар кезекті жекпе-жегін 30 қараша күні, Алматы қаласында өткізеді. Танымал актер, әрі спортшы Nomad Fighting Championship турнирінде жалаң қолмен жұдырықтасады. Ол кикбоксингтен Ресей чемпионы болған Фарид Ядуллаевқа қарсы жұдырықтасады.
Айта кетейік, Еркебұлан бұл спортшымен бұрын жұдырықтасып, жеңіліп қалған болатын.
Қазақстандықтарға биыл жазда қайда бару тиімді: Грузия арзандап, Мальдив аралдары қымбаттаған
Ольга Исаева демалыс маусымы бағаға қалай әсер ететінін де атап өтті
Екінші деңгейлі банктер тұрғын үй қарызын бере алады, референдум өтеді: Қазақстанда 1 наурыздан бастап не өзгереді
Наурыз айында қандай өзгерістер болатынын зерттеп көрдік

