Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ерке Есмахан: Аяғым ауыр емес (фото)

Ерке Есмахан мен шоумен Әли Байжұматтың қарым-қатынасы жайлы ақпарат тарағаннан кейін әншінің жеке өміріне деген қызығушылық артты. Ерке қайда, кіммен жүр? Қайта-қайта шетелге кіммен бірге баруда? Тіпті, кең етекті көйлек киген Еркені аяғы ауыр деп болжап жатқандар бар, деп хабарлайды Stan.kz.

Еркенің өзі Әли Байжұматпен қарым-қатынасы туралы жақ ашпады, бірақ жоққа да шығармады. Бір жазбасында махаббатына сенетінін мәлімдеді. Ал санаулы минуттар бұрын Ерке аяғы ауыр дегендерге жауап берді.

“Сондай кіршіксіз, таза, мөлдір көңілмен сіздерге денсаулық, күш-қуат тілеймін! Қайырлы күн! Майда-шүйда əңгімеге мəн бермей, өмірдің рахатын сезініп жүргенге не жетсін?! Осы сəтте бақытты бола білейік, өмір осы сəттерден тұрады. Қалғаны келеді, кетеді, айтылып-ұмтылады, бақытты сəттер естелік болып қалады. Сондай сəттен қайықтағы “инстелік фотокартинамды” сіздерге зор сəлеммен жолдаймын! Айтпақшы, аяғым ауыр емес. Ол үшін күйеуге шығуым керек қой. Жəне мұндай жағымды жаңалықтар боп жатса, бірінші боп Сіздер өз аузымнан естисіздер! Не болса да, сондай ақ тілек-үміттен шыққан “жалған ақпаратқа” да рахмет! Әумин, айтқандарыңыз келсін”, – деп бөлісті Ерке.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Ерке ұлымен бірге Мальдив аралдарында демалып жатыр.

Жіберіп алмаңыз:

Қақаған аязда далада қалған «Жігіттер» тобының әншісі көлік жүргізушілеріне өкпелі

Отандық дизайнер Динара Сәтжанның өзіне қоқан-лоққы көрсеткенін айтты

Зарина Омарова анасының көрген азабы жайлы айтып, жылап қалды

Қайрат Нұртас ең ізгі арманы жайлы айтты

Талқылау