Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Зарина Омарова анасының көрген азабы жайлы айтып, жылап қалды

Ата-ананың ажырасуы бірінші кезекте балаға қатты әсер етеді. Мұны психолог мамандар жиі айтады. Мамандардың пікірінше, ондай жағдайда бала тез есейіп, тіпті қатарластарымен бірге ойнап үлгермейді. Бұл жайт Зарина Омароваға жақсы таныс. Себебі оның да ата-анасы бала күнінде екіге айырылып кеткен, деп жазады Stan.kz.

“Бала кезімде аз қиыншылық көрмедім. Жұртқа белгілі шығар, ата-анам бөлек тұрады. Ол да бір балаға ауыр тиді. Өсе келе өмірде басқа да қиыншылықтар көреді. Адам солардың бәрінен өседі екен, ақыл тоқтатады. Өмірге басқа қырыңмен қарайды екенсің. Соның бәрін жеңіп, төтеп бердім десем болады. Әрине, оңай болған жоқ”, – деп бөлісті Зарина “Қазақстан” арнасының “Бақытты әйел” бағдарламасында.

Алайда Зарина бала күнінде өзін ренжіткен адамдарды толықтай кешіргенін айтады. Бүгінде ол бағып-қаққан анасы мен үнемі қолдау көрсетіп отыратын әкесіне дән риза.

“Өйткені ол өмір, тағдыр. Өмірде бәрі болады. Өмірдің ащысы, тұщысы бар. Біз бала болғанда ондайға жауап бермеу керекпіз. Барлығын, бүкіл әлемді кешіремін. Бұл қиыншылықтар мен үшін сабақ болды. Ол кезде мен болашақ анамын, болашақ жармын. Содан сабақ алып, жай ғана ұрыс-керістерге мән бермейді екенсің. Сол себепті кешіремін. Өйткені менің ардақты әкем, асыл анам бар.

Әрине, анамды қатты жақсы көремін. Анам біраз қиыншылық көрді. Үшеумізді қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай бақты”, – деген Зарина көзіне жас алып қалды.

Өткеннен сабақ алған Зарина жастарды ажыраспауға шақырды.

“Отбасы болған соң бәрі де болады. Менің де отбасымда бәрі күшті болып кеткен жоқ. Ұрыс та, керіс те болды. Бірақ бәріне шыдау керек. Не болса да отбасын сақтау керек. Әрине, мұны ер азаматтарға түсіндіру қиындау. Сен бапта, сен сақта деп айта алмайсың. Әйел адам болған соң ақылға салуың керек. Ең бастысы, сыйластық. Ол болған жерде махаббат та, басқасы да болады”, – деп түсіндірді Омарова.

Құрметті оқырман! Бізбен бөлісетін қызықты жаңалығыңыз, оқиғаңыз болса Stan.kz сайтының WhatsApp номеріне жолдаңыз: +77021152981

Жіберіп алмаңыз:

Қайрат Нұртас ең ізгі арманы жайлы айтты

Аш болсаңдар көрер ем: Азамат Сатыбалды есірген жастарды сынға алды

Бибігүл Төлегенова тікелей эфирде сұхбат бере отырып жылап қалды (видео)

Айдарбекова екінші ұлы мен төрт немересін жұлдызға айналдыруды қолға алды

 

 

Талқылау