"Ерке Есмахан емес пе?". Еркебұлан Тоқтар белгісіз арумен көзге түсті
Қазақстандық актер, файтер Еркебұлан Тоқтар әлеуметтік желіге белгісіз арумен түскен суретін жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

©instagram.com/erkebulan_toktar
Көп қыздардың жүрегін жаулаған жас актер оқырмандарын қызықтырып қойды.
“Плед жабатын адам бар, әйтеуір”, – деп суреттің астына жазба қалдырды ол.
Актердің бейтаныс арумен көрген оқырман қыздар Еркебұланды қызғанып қалған көрінеді. Кейбір желі қолданушылары бет-жүзін көрсетпей түскен белгісіз бойжеткенді Ерке Есмаханға теңеді.
“Сен де бір адамды қызғандырып”, “Көзіме шөп салдың ба?”, “Жасы үлкен қыз сияқты”, "Ерке Есмахан емес пе?”, “Қыздар, тараймыз”, “Жүрекке жара салдың”, “Қызғанып қалдым”, – деп жазды қыздардың басым көпшілігі.
Қазақстанда үйді міндетті сақтандыру қалай жұмыс істейді: Жылына қанша төлеп, апат болса қанша ақша алуға болады
Жоба әуелі үш өңірде сынақтан өткізіліп, кейін 16 өңірге енгізілмек
Астанада параспортшылар федерация басшысына жалақысының бір бөлігін беруге мәжбүр болғанын айтты
Федерация басшысына "Алаяқтық" бабымен іс қозғалған