Қолын сүймегені үшін баланы шапалақпен ұрған Ердоғанның әрекеті желі қолданушыларын ашуландырды (видео)
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Риза қаласында жер сілкінісінен зардап шеккен тұрғындарға пәтер кілттерін тапсыру рәсімінде қолын сүймеген бес жасар баланы шапалақпен бетінен салып қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеодан скриншот
Желіде Ризадағы Ердоғанның видеосы тарап, түркиялықтардың арасында қызу талқыға түсті.
Видеодан екі баланың Ердоғаннан сыйлық алу үшін сахнаға шығып бара жатқанын көруге болады. Олардың бірі қолын созған президентке жақындап, оған қарады. Оның қолын сүймегені үшін Ердоған баланың бетінен шапалақпен тартып жібереді. СОдан кейін басқалар Ердоғанның қолын сүю керегін айтады.
Түркияда үлкендердің, әсіресе аталар мен әжелердің, қоғамдағы беделді адамдардың қолын сүю дәстүрі бар. Осылайша үлкендердің жасына, даналығына құрмет көрсету әдетке айналған.
Қазақстандық ер адам егіз қызы мен ұлын зорлады деп айыпталды: Анасы бірнеше жылдан бері әділдікке жете алмай жүр
Қылмыстық іс 6 рет тоқтатылған екен
"Көзқарастары ескі, жас мамандарды төмендетеді": Қазақстандық жас мұғалімдер үлкен буынмен жұмыс істеудің қиындығын айтты
Ал көпжылдық тәжірибесі бар мұғалімдер зейнет жас мәселесін қайта қарастырсын дейді