Ер азамат өзінің қасиетті мысығын 20 миллионға сатпақшы
Ресейдің Новороссийск қаласының тұрғыны өзінің қасиетті мысығын 20 миллион теңгеге сатпақшы, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі

Ресейлік азаматтың айтуынша, мысық өзі оны іздеп келген: үй жануары Челябинск облысында емшінің зират басынан бастап үйіне дейін ер адаммен ілесіп келген. Осы уақыттан бері мысық оны бәле-жаладан желеп-жебеп жүретін болыпты.
"Осы уақыттан бері менің өмірім толықтай жақсы жаққа өзгерді. Егер бір жағдай менің күмәнімді тудырса, сол күні міндетті түрде түс көремін. Түсімде мысығым маған не істеу керектігін айтып, бағыт-бағдар береді. Ал екі күн бұрын ол маған былай деп аян берді: бір адамға қатты ақша керек болып жатыр, сол үшін мені сат, ақшаңды қайырымдылыққа жарат", - деп жазыпты хабарландыру берген азамат.
Мысығын 20 миллион рубль (шамамен 120 миллиард теңге) деп бағалаған ол саудаласуға болатындығын қосыпты.
Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровқа Алматыдан 120 миллион теңгеге пәтер берілмек
Әкімдік тұрғын үй 2026 жылы Милан қаласында өткен қысқы Олимпиада ойындарының жүлдегеріне арналғанын айтты
"Әліби, өмір сүр!": Тоқалымен көңіл жарастырған жігітті кәсіпкер Қайрат Жамалиев қалай азаптады
Екі ер адамның арасындағы жанжалдың себебі – кәсіпкердің көңілдесі Айнұр Исина