Ер адам итті аяусыз ұрған: Видео наразылық тудырды
Нұр-Сұлтан қаласында көшеде итті ұрған ер адамға іздеу салынды. Осыған қатысты астаналық Полиция департаменті түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Instagram әлеуметтік парақшасында жарияланған бейнежазбада белгісіз ер адамның итті төмпештеп ұрып жатқаны байқалады.
Оқиға Нұр-Сұлтан қаласында орын алған. Бүгінде астаналық Полиция департаменті кінәліні іздестіріп жатыр.
"Бейнежазбадағы оқиға өткен жылдың желтоқсан айында орын алған. Қазіргі таңда аталған факті бойынша тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Кінәлі азамат табылып, жазаға тартылатын болады", - деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызмметі.
Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында итті көлікке байлап, жол бойымен сүйрегені айтылған еді.
Итті көлігіне байлап, трассада сүйреген: 72 жастағы Екібастұз тұрғыны ерсі қылығын түсіндірді
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"