Ер адам 14 жасар қызын жалаңаштап фотоға түсірмек болғаны үшін өмірімен қош айтысты
Шри-Ланка азаматы қызын жалаңаштап фотоға түсірмек болғаны үшін о дүниелік болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mirror сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Pixabay
37 жастағы Суранга Прадип Кумар 14 жасар қызының жалаңаш фотосын желіге жариялап, солайша ақша алғысы келген. Оның YouTube арнасы болған және танымал болу үшін жалаңаш әйелдердің фотосын жариялаған екен.
Ер адам 14 жасар қызын бірнеше рет фотоға түсірмек болғанда әйелі оған қарсылық танытыпты. Ақырында ол әйелі мен ұлын бір бөлмеге қамап, қызды фотоға түсіру үшін алып кетеді. Сол кезде әйел есікті бұзып ашып, күйеуіне шабуыл жасаған.
Әйел ер адамның бетіне бір уыс бұрыш шашып, содан кейін оған пышақ сұққан. Ер адам оқиға орнында көз жұмды.
Қазір әйел қамауда. Іс бойынша тергеу жүріп жатыр.
"Мәйітін алып келуге 2 апта кетеді": Вьетнамға қызымен демалуға барған қазақстандық әйел көз жұмды
Турагенттіктің айтуынша, ертесі оған әйелдің қызы хабарласып, анасының көзін ашпай жатқанын айтқан
"Семіз екенімізді білеміз, айта берудің қажеті жоқ": Қазақстандықтар қоғамда толық адамдарға ашық қысым көрсетілетініне шағымданды
Алматылық: “Мә, қайда өсіп бара жатсың, дәу боп кеткенсің ғой” деу қаншалықты орынды?"