Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ендігі АҚШ-та мұғалімдер мектепте қару алып жүретін болады

Флорида штаты парламентінің төменгі палатасы мектеп ұстаздарына қару алып жүруге рұқсат беретін заң жобасын қабылдады.

Бұл туралы Хабар 24 хабарлайды.

Бұған дейін жобаны штат сенаты қарастырып, ұстаздардың полицияда арнайы тегін дайындықтан өтуі туралы түзетулер енгізіп, бекіткен. Енді құжатқа қатысты соңғы шешімді штат губернаторы Рик Скотт шығаруы тиіс.

Аймақ басшысы заңның мәтінін мұқият саралап шыққан соң ғана шешім қабылдайтынын жеткізді. Ал жаңа заңда қаруды сатып алуға рұқсат етілетін жас мөлшерін 18-ден 21 жасқа дейін көтеру, шабуылға арналған қаруға шектеулер енгізу және оқу орындарындағы қарулы күзетшілердің санын арттыру да қарастырылған.

Бұл заң жобасы ақпанның 14-і күні Паркленд қаласындағы қайғылы оқиғаға қатысты қолға алынған.

Еске сала кетейік, ол кезде Николас Круз есімді мектептің бұрынғы оқушысы өз оқу орнына барып, балалар мен мұғалімдерге оқ жаудырып, 17 адамды мерт қылған еді.

Оқи отырыңыз:

Африкада 200-ге жуық адам шұжықтан уланып қайтыс болды

Әйелінің көзіне шөп салып жүрген ер адамның өтірігі ашылып, ұятқа қалды (фото)

АҚШ-та қазақстандық азамат қаза болды

129 жылдық тарихы бар испаниялық футбол клубы 1 еуроға сатылатын болды

Талқылау