Енді төбеттер мен тазылар еліміздің шекарасын қорғау үшін қолданылады
ҰҚК Шекара қызметінің кинологтары сирек кездесетін иттерді арнайы дайындауға кірісті. Мамандардың айтуынша, тазы мен төбеттің иіс сезу қабілеті дамыған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

“Мамыр айынан бастап "Жеті қазына" қауымдастығынан алынған екі төбет күшігінің қабілеттерін тексеруге тест өткізудеміз. Екеуі де жақсы жағынан байқалды. Есту қабілеттері өте дамыған және олар адамға өте тез бейімделеді. Жыл соңына қарай осы екі күшікті сынау негізінде қорытынды жасап, оларды қандай қызмет үшін пайдаланатынымызды анықтаймыз, – дейді басқарма бастығы капитан Әлімжан Құлмағанбетов.
Сарапшылар тазылар шекара күзетінде жылқылармен бірге қолданса болады деп санайды. Өйткені олар атпен аң аулауға бейім. Өткір иіс сезу қабілетінің арқасында тазы есірткі мен жарылғыш заттарды іздеуге де жарайды.
“Күшіктерді сынау кезінде олардың жылдам екенін байқадық. Мінезі жұмсақ, икемді. Сондықтан оларды іздеу және бақылау қызметтері үшін пайдалану керек деп санаймыз. Иіс сезуінің арқасында ол құқық бұзушыны оңай таба алады, ал жылдамдығымен қашып бара жатқан қылмыскерді тез ұстайды, — дейді бөлім бастығы Бауыржан Зақын.
"Адамдар келсе айт, жылауға дайындалайық": Қазақстандықтар жаназа кезінде бастан кешірген жағымсыз жайттары туралы баяндады