Енді Қазақстанда пойыздан пойызға ауысу билеттерін сатып алуға болады
"Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі енді қазақстандықтардың пойыздарға билеттерді станциядан станцияға ауысым (пересадка) арқылы сатып ала алатынын мәлімдеді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Веб-сайтта билеттерді сатып алғанда, жолаушылар "Ауысыммен жүру/құрамды маршрут" атты жаңа функцияны пайдалана алады.
"Тікелей қосылым немесе бос орындар болмаған жағдайда, функция пойыздан пойызға ауысатын бағытты таңдауға мүмкіндік береді", – делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта қызметті Қостанай – Семей, Екібастұз – Алматы, Ерейментау – Орал, Петропавл – Ақтөбе, Шымкент – Арқалық, Шымкент – Петропавл, Қостанай – Шымкент және Атырау – Семей бағыттары бойынша билет сатып алу кезінде пайдалануға болады.
Төрт баласымен Ұлыбританияда докторантурада оқып жүрген қазақ отбасы шетелдегі өмірі жайлы айтты
Ол "Болашақ" бағдарламасының екі мәрте стипендиаты болғанын мақтан тұтады
"22 жыл жүрген көлік – 5 миллион теңге": Қазақстанда ескі автомобильдер неге қымбатқа сатылады
Неліктен ескі көліктердің бағасы жаңа бюджеттік автомобильдермен шамалас?