Еңбекші ауданындағы 17 көшеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді
Шымкент қаласында көлік жолдары 3 247 шақырымды құрайды. Биыл 49,8 шақырымды құрайтын 71 көшеге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

Оның ішінде 6 шақырымдық жол, яғни 17 көше Еңбекші ауданының аумағында орналасқан. Атап айтқанда, Замана, Ғажайып №1, Ғажайып №2, Шамшырақ, Несібе, Несібе №1, Несібе №2, Жасын, Жаңару, Бақыт ана, Өнеге, Сарыарқа, Үшқұдық, Үшқұдық №1, Үшқұдық №2, Керемет, Еламан көшелері кіреді.
Аталған жұмыстардың мердігері – "Корпорация Береке-А" ЖШС, ал техникалық жобалаушы болып "Мир-Строй и Компания" ЖШС бекітілген.
Қазіргі уақытта күрделі жөндеу жұмыстары толығымен аяқталып, ел игілігіне пайдалануға берілген.
"Мәйітін алып келуге 2 апта кетеді": Вьетнамға қызымен демалуға барған қазақстандық әйел көз жұмды
Турагенттіктің айтуынша, ертесі оған әйелдің қызы хабарласып, анасының көзін ашпай жатқанын айтқан
"Семіз екенімізді білеміз, айта берудің қажеті жоқ": Қазақстандықтар қоғамда толық адамдарға ашық қысым көрсетілетініне шағымданды
Алматылық: “Мә, қайда өсіп бара жатсың, дәу боп кеткенсің ғой” деу қаншалықты орынды?"