Ең төменгі сома үш мың теңге: Қазақстанда қанша азамат банкрот деп танылды
Қазақстанда 2023 жылы банкроттыққа 77 мың өтініш келіп түскен. Дегенмен оның басым бөлігінің қарызы кешірілмепті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Бірінші несие бюросына сілтеме жасап хабарлайды.

Жеке тұлғалардың банкроттығына арыз қабылдау 2023 жылдың наурызында басталған. Жыл соңына дейін барлығы 77 мың өтініш келіп түскен, бірақ оның 62 мыңы кері қайтарылған.
Жыл қорытындысы бойынша елде 8,3 мың азамат банкрот деп танылыпты. Ал олардың қарыздарының орташа сомасы 1,6 миллион теңге, медиандық сомасы 962 мың теңге екен.
Сарапшылардың айтуынша, банкрот деп танылғандардың ішінде ең аз қарыз көлемі 2978 теңге. Ал ең көбі 920,6 миллион теңге болған.
Айта кетейік, өзін банкрот деп таныған азаматтар 5 жыл бойы банктер мен микроқаржы ұйымдарынан несие ала алмайды.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"