"Елтаңбаны өзгертсек, Кеңес дәуірінен қалған бүкіл ғимаратты өзгертейік": Қарағандылық азамат желіде Тоқаевқа үндеу жасады
Желіде қарағандылық тұрғын қаладағы кеңестік уақыттан қалған ескі ғимараттарды көрсетіп, мемлекет басшысына үндеу жариялады. Мұнда ол “кеңес заманының ескілігі көрінеді” деген пікірге қалған елтаңбаны ауыстыруға қарсылық танытты. Айтуынша одан да қаражатты шынымен кеңестік заманнан қалып, тозығы жеткен ғимараттарды жаңартуға жұмсаған жөн. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото желі кадрларынан
Қарағандылық елімізде елтаңбаны өзгертуден басқа да мәселелер барын алға тартты.
“Құрметті президент, Қасым-Жомарт Тоқаев, сіздің елтаңбаны өзгерту туралы шешіміңізді естігелі бері бір аптадан бері ойланып, түсіне алар емеспін. Бізге мұны неге жасау керек? Сіздер біздің елтаңбаны тым күрделі, қиын жасалған деп айтып отырсыздар. Бірақ ол дәл біздің қазақстандықтардың өмірінен қиын емес. Бізде барлық инфраструктура кеңес заманынан қалған. Бәлкім бірінші осыларды жаңартудан бастармыз?” – деді ол.
Кейін ер адам қаладағы ескі вагон, тепловоз, ЖЭС пен өрт сөндіру мекемелерін көрсетті.
“Мына ғимарат 1957 жылы салынған. Бұл 60 мың адамдық аймаққа электр энергиясын тарататып отырған Майқұдық станциясының 4-бөлігі. Қараңыздар қандай жағдайда тұр? Міне осы ғимаратты мен тым кеңестік заманнан қалған деп есептер едім. Ал бұл – Қарағандыдағы №40 орта мектеп. Тым кеңестік құрылыстағы ғимарат. Сыртынан қарап-ақ қирайын деп тұрғанын шұғыл түрде қайта салу керек екенін көруге болады. Бұл мектепте орталық жылу жүйесі жоқ.
Ал мынау біздің ЖЭС-ке апаратын жолдарымыз. Бұл тым ескірген деп ойламайсыздар ма? Көріп тұрғанымыздай қалай қарасақ та, бұл да өте ескі кеңес заманынан қалған. Шұғыл жөндеуді қажет етіп тұр. Мынау өрт сөндіру мекемесі, қақпаның ар жағында ескі көліктер тұрғанына күмәнім жоқ”, – деп қосты ол.
Кейін азамат елтаңба өзіне ұнайтынын әрі ұлттық символымызбен мақтанатынын алға тартты.
“Құрметті президент, әрине сіздерге ақыл айтатындай мен ешкім емеспін. Бірақ осы видеоға назар аударыңыздар. Мұнда тіпті біздің қаламыздағы мәселелердің 1%-ын да көрсеткен жоқпын. Мұндай мәселе тек біздің қалада емес, барлық аймақта бар екені қорқытады. Көптеген салаларға жаңарту жүргізу керек. Бұған қаражат керек. Олай болса, не үшін қаражатты елтаңбаны ауыстыруға құртуымыз керек? Біздің елтеңбамыз өте әдемі әрі онда ешқандай кеңестік символдар жоқ. Бюджет қаражатын дұрыс жаққа жұмсаңыздар. Біздің елтаңба керемет және мен онымен мақтанамын!”, – деп қорытты ол.
Еске сала кетейік, мемлекет басшысы Атырау қаласында өткен Ұлттық құрылтайда елтаңбаны өзгерту мәселесін қарауды ұсынған еді.