Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елшін Жанеркені кінәлаған ойын қатысушы кешірім сұрады (видео)

Жанерке мен Ақмарал Елшіннің байқауына қатысып, көлік ұтып алған қатысушы Жанна ел алдында кешірім сұрады. Екі тарап бір-бірін кешіріп, татуласқанын айтты. Ал көлік мәселесі әлі шешімін тапқан жоқ. 

Бұған дейін Жанна есімді келіншек блогер Жанерке мен Ақмарал Елшінді кінәлады. Гив ойнап, ұтқан көлігін ала алмай жүргенін айтты. Жанерке байқаудың ұйымдастырушыларына өзі де алданғанын айтып ақталды. Ол өз қалтасынан 1 миллион теңгесін Жаннаға аударған екен. Ал Жанна ханым соңында ұтыссыз қалды. 

Бір-бірімен бітімге келген екі тарап ел алдына шығып, жағдайды түсіндіруге тырысты. Бір-бірінен кешірім сұрап, істі соңына дейін күтуді сұрады. 

"Мен Жанерке мен Ақмаралдан кешірім сұраймын. Біз жағдайды түсініп жатырмыз. Бұл кісілер де менің отбасымнан кешірім сұрады. Кімнің кінәлі екенін түсініп жатырмыз. Әркім өз кінәсін мойындап жатыр. Бұлардың адал екеніне сенемін", - деді Жанна. 

Жанерке Елшін Жанна ханымды кешіргенін айтып, желіде жазба жариялады. 

"Ақ пен қара жарысар, Аққа Құдай болысар. Алла бәрін көруші, естуші, білуші. Тілеген дұғамыз қабыл болды. Шындықтың беті ашылды. Ашумен, алдын ойламай, анық-қанығына жетпей, еш ескертусіз, сабырсыздықпен салынып кеткен видео бүкіл бір отбасының абыройын айрандай төкті. Ол жаман жаңалық - жалпақ жұртты жылдам жалмап, жылдар бойғы тап-таза еңбегіме, ақ, адал байқауларыма жала жауылды.

Ата заңымыз бойынша, нағыз кінәлілер табылғандықтан, Жанна ханым қоғамға арам шөптей жайылған видеосы үшін шын жүрегімен кешірім сұрады.

Алла Тағаланың өзі алдына иіліп келген пендесін кешіргенде, біз оның қасында кімбіз?!🤷‍♀️

Қанша күн бойы жылап-жылап жасымыз таусылса да, жүрегіміз ауырып, шырылдап қалсақ та, науқастанып жатсақ та, жан-жүрегіміздің бір бөлшегінен мейірімге орын беріп, кешірдік.

Аллам енді мұндай сын бермесінші. Қалай жүрегіміздің қарс айрылғанын білсеңіздер ғой. Өз-өзімді бұл жай ғана қорқынышты түс деп жұбатуда болдым. Жанарымнан жас тамшылап жазып отырмын қазір де.

Халық - Алланық бір есімі! Ал оны мен қалай алдауға дәті барады деп ойлайсыз!?. Еш уақытта! Мені өсіретін де, өшіретін де - халық! Сіздер - менің екінші отбасымсыздар. Сіздермен бірге мен өмір сүремін - позитив сыйлаймын, тек жақсылыққа жетелеймін, көп жанға керек мотивация беремін, жай ғана сіздерге энергия беріп және жай ғана тегін лайк мен пікірлеріңізден күш алып, алға ұмтыламын! Ал бұл жағдай - менің самғау жолымдағы жай ғана сынақ екеніне сенімдімін.

“Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді!. Ех, шіркін! Тату-тәтті, бейбіт өмір сүргенге не жетсін. 🤲
Алла ешқайсысыңызды абыройдан айырмасын. Елімнің еркесі - Елшіннің Жанеркесімін ғой", - деп жазды Жанерке.

Ал ұтыстың ұйымдастырушысының бірі Нұрболат желіде үндеу жолдады. Ол Жанерке мен Ақмарал өзін алаяқ деп кінәлап жатқанын айтып ақталды.

Талқылау