Елордада қатты жел салдарынан кран құлап кетті
Елордада қатты жел салдарынан мұнара краны құлады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агентті.
Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігі өнеркәсіп қауіпсіздігі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Бүгін Сығанақ және Тұран көшелерінің қиылысында мұнара краны құлады. Алдын ала мәлімет бойынша кран қатты желден құлап кеткен. Қазір төтенше жағдайдың мән-жайы анықталып жатыр. Оқиға орнына ҚР ТЖМ өнеркәсіп қауіпсіздігі комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің қызметкерлері шықты", - делінген комитет таратқан хабарламада.
Аталған ведомствоның ақпаратына сай зардап шеккендер жоқ. Мәлім болғандай, құлаған кран қолданылмай, қаңтарылып тұрған.
Талқылау

Шетелде бірнеше мүлкі бар, Құлыбаевтың компаниясында директор: Басы дауға қалған Олжас Байділдинов туралы не белгілі
Қазір ол Тимур Кулибаевқа тиесілі компанияның бас директоры қызметін атқарады

Дженнифер Лопестен Real Madrid-ке дейін: Әлемдік жұлдыздардың келуі Қазақстанға қандай пайда әкелді
Желі қолданушысы: "Тез келіп үлгеріп қалыңдар. Кейін менсінбей кетуіміз мүмкін”