Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елорда кубогі: Махмұд Сабырхан финалда әлем чемпионын ұтқан Асылқұловпен жұдырықтасады

Махмұд Сабырхан мен Оразбек Асылқұлов Астанада өтіп жатқан "Елорда кубогінің" алтын жүлдесі үшін жекпе-жекке шығады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ҰОК

Әлем чемпионы Махмұд Сабырхан мен Оразбек Асылқұлов Астанада өтіп жатқан "Елорда кубогінің" финалына шықты. 51 келіде өнер көрсететін спортшылар жартылай финалдық кездесуде қарсыластарынан басым түсіп, алтын жүлде үшін жұдырықтасу мүмкіндігіне ие болды. Махмұд Серікбай Асылжановты жеңсе, Оразбек өзбекстандық, әлем чемпионы Миразбек Мирзахалиловтан басым түсті. Алғашқы раундты өз пайдасына шешкен отандасымыздың қабағы екінші раундта қарсыласының басы тиіп жарылғандықтан, дәрігерлер жекпе-жекті жалғастыруға рұқсат бермеді. Бірінші раундтың қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті Асылқұловқа берді.

Айта кетейік, бұған дейін Токио олимпиадасының қола жүлдегері Сәкен Бибосыновтың жапониялық боксшы Макино Соушиді ұтып, финалға шыққанын жазған едік.  

Талқылау