Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізге әкелінетін әрбір екінші аяқ киім шекарадан заңсыз өтеді

 Елімізге әкелінетін әрбір екінші аяқ киім шекарадан заңсыз өтеді. Көлеңкелі экономикаға шектеу қою үшін 3 ай бұрын Индустрия министрлігі тауарды маркалауды міндеттеген болатын. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі Qazaqstan.tv арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

видеодан скриншот

Алайда кәсіпкердің көбі бұл талапты орындап жатқан жоқ. Өйткені олар қосымша шығын екенін бірнеше рет айтқан. Түркиялық іскерлер "зауыттан жеткізілген тауарлардың цифрлық құжатын әзірлеу артық шығынды қажет етпейді, қажет болса өз тәжірибемізбен бөлісе аламыз", - деп отыр.

Индустрия министрлігі де бір аяқ киімді маркалау отандық кәсіпкерлер айтқандай 3 мың емес, 3 теңге болатынын айтып отыр.

"Аяқ киімді маркалау оның бағасына әсер етпейді. Бұл ең алдымен тұтынушыға сол тауар туралы толыққанды ақпарат береді. Мәселен, онда аяқ киімнің терісі мен түр-түсі тіпті, зауыттан шыққан бағасы да көрсетеледі. Импорттаушы ел үстіне қосатын құнын цифрлық құжатта өзгертуді жөн санаса, біз оны өзі қалағандай түзеп береміз. Бастысы аяқ киімге фабрика кем дегенде 2 жылдық кепіл береді. Сапалы аяқ киімді де небәрі 6-7 мың теңгеге алуға болады",-  деді кәсіпкер Мехмет Бәрбәржі.

 Айта кетейік, осыдан бірнеше жыл бұрын шекарадан өткізілген аяқ киімдерді де кәсіпкерлер түгел маркалауы тиіс. Өйткені бұл талап бір жыл кейінге шегеріліп енгізіліп отыр. Ал саударгерлердің өзіне екі жыл бұрын ескертілген.


 

Талқылау