Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Еліміздің қай аймақтарына тасқын қауіпі төніп тұрғаны белгілі болды

Төтенше жағдайлар министрлігі 2025 жылы еліміздің қай аймақтарына тасқын қауіпі төніп тұрғанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

тасқын

Фото: ТЖМ

Төтенше жағдайларды ескерту комитеті төрағасының міндетін атқарушы Әсет Жылқайдаров орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте тасқын қаупі төнген 9 аймақты атады. 

"Қазгидрометтің болжамын ескере отырып, 9 аймақта су тасқыны қауіпі артып отыр. Олар Ақтөбе, Абай, Ақмола, Қарағанды, Ұлытау, Қостанай облыстары, сонымен қатар БҚО, ШҚО мен СҚО бар", – деді ол.

Шенді төтенше жағдайлар министрлігінің күштері дайын екенін айтты. 

"Төтенше жағдайға қарай күштер мен техника бөлу, тұрғындарды эвакуациялау және апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша шешім қабылдаймыз", – деді ол.

Еске салайық, бұған дейін төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов су тасқыны қаупі төніп тұрған Қазақстанның бес аймағын атаған еді. 

“Бұл статистика, мамандар берген деректер. “Адамдар қорықсын, бұл аймақтарды су басады дегенді” білдірмейді. Осындай қауіп бар екеніне назар аударғымыз келеді. Жұмыс істеліп жатыр. Бірқатар қауіптердің алдын алдық”, – деді ол. 

Талқылау