Еліміздегі екі өңір "қызыл" аймаққа кірді
Коронавирусты таратпау бойынша ВАК-да Қазақстандағы "жасыл", "сары" және "қызыл" аймақтарға қандай өңірлер кіргені туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

2021 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасынан "қызыл" аймаққа Ақмола және Атырау облыстары кіргенін байқауға болады.
"Сары" аймақта: Нұр-сұлтан, Алматы, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстары.
Қалған барлық өңір "жасыл" аймақта.

Еске салайық, Қазақстанда пандемияға байланысты эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы пайда болды. Вирустың жоғары таралуына байланысты "қызыл аймақта" қатаң шектеу шаралары енгізілуде.
"Сары аймақта" қолданыстағы карантиндік шаралар сақталады және олардың сақталуын бақылау күшейтіледі.
"Жасыл аймақ" өңірдегі коронавирустың жағдайы тұрақты екенін білдіреді.
"Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді": Қазақстандық кәсіпкердің жаңа салық реформасының кесірінен бизнесі шығынға батқан
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Қазақстанда тұрақты тұруға өтініш берген шетелдіктер қазақ тілінен тест тапсырады: Оларға қандай сұрақтар қойылады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі